Жүздері бал-бұл жанған балаларды құттықтаған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек біздің елімізде жас буынның алаңсыз өсуіне барлық жағдайдың жасалып жатқанын атап өтті.
– Сіздердің жақсы білім алып, көптеген байқауларға қатысып, жеңіске жетулеріңізге, биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін. Келесі жылы сіздердің барлық тілектеріңіз орындалатындай табыстар мен жеңістер болсын. Келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймыз! – деді ол.
Шырша мерекесінде балаларға планшеттер, тәттілер жиынтығы және 60 мың теңге сомасындағы сертификаттардан құралған жаңажылдық сыйлықтар табыс етілді.
Облыс әкімі атынан ұйымдастырылған мерекелік шара соңында балалар салтанатты түскі ас дастарқанынан дәм татты.