Қоғам • 25 Желтоқсан, 2019

Солтүстік Қазақстан әкімінің шыршасы өтті

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдағы оқушылар сарайында облыс әкімінің шыршасы өтіп, оған оқуда үздік, түрлі байқауларда жеңімпаз болған және жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан балалар қатысты.

Солтүстік Қазақстан әкімінің шыршасы өтті

Мерекелік шарада «Ұла дала», «Абайдың 175 жылдығына», «Тышқандар ханшайымы» деп аталатын ерекше костюм киген бүлдіршіндер жұртшылықтың назарына ілікті. Ертеңгілікте өнерпаз балалар жиналғандарды концерттік бағдарламамен қуантты.

Батыр, Ұлы дала, ғарышкер мен түрлі ертегі кейіпкерлері болып киінген балалардың арасында ерекше костюмімен көзге түскендердің бірі Ақжар ауданына келген Алтынай Тілеутаева. Ол келер жылдың символы саналатын тышқанды бейнелеген. «Жаңажылдық  костюмді тігуге тәтем көмектесті. Жаңажылдық көңіл- күйім жақсы. Тақпақ оқып беремін», дейді ол.

Ұлдар жағы өздерінің сүйікті кейіпкерлері– Зорроныны, өрмекші адамды, ғарышкерді бейнелепті. Елдостың арманы– ғарышкер болу.

Карнавалдық балға жиналған бүлдіршіндерді облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев  аймақ басшысы атынана құттықтап, жылы  тілегін жолдады.

Театрландырылған көрініс мереке шырайын аша түсті. 200-ден астам бала қатысқан жаңа  жылдық шыршада үздік костюмдерге берілетін  бас жүлдені Тайынша аудандық Қарағаш орта мектебінің оқушысы Жансая Құдабай иеленді. Оның костюмі «Ұла дала» деп аталады.