Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2019

Солтүстік Қазақстан дәрігерлеріне тұрғын үй сертификаттары тапсырылды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі салалық кәсіподағы медицина саласы мамандарының баспана мәселесін шешуге білек сыбана кірісті.

Солтүстік Қазақстан дәрігерлеріне тұрғын үй сертификаттары тапсырылды

Салалық кәсіподақтың облыстық филиалының төрағасы Серік Сұлтанов «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінің қызметкерлеріне жаңа жыл қарсаңында тосын сый жасады.

Сондай қуанышқа ие болғандардың бірі–Дарқан Рақымжанов. Ол денсаулық сақтау саласында төрт жылға жуық еңбек етіп келеді. Күні бүгінге дейін отбасымен бірге пәтер жалдап тұрады. Жан жары бала күтіміне байланысты декреттік демалыста. Бұл отбасыға 1 млн. 660 мың теңгенің тұрғын үй сертификатын салтанатты түрде табыс етілді.

«Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы медицина саласы мамандарын баспанымен қамтылуына көмектесу мақсатында банкке үйдің алғашқы  20 пайыз жарнасын салу үшін сертификаттар беру ісі былтыр қолға алынғанын естіген едім. Бұдан бөлек, жалғызілікті аналарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға да көмектесетіні қуантады», дейді «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінің учаскелік терапевт дәрігері Д. Рақымжанов..

Облыстық медицина қызметкерлері «Senim» кәсіподағы филиалының төрағасы Серік Сұлтановтың айтуынша, салалық кәсіподақ ұйымына 216 мың адам тіркелсе, жеті жарым мыңы– солтүстікқазақстандықтар. Бұған дейін облыстық кардиоорталықтың қызметкеріне  бір жарым миллион теңгенің сертификаты беріліпті. Сонымен қатар медицина мамандарына 250 мың және 500 мың теңге көлемінде қайырымдылық сертификаттары тапсырылыпты.