Спорт • 25 Желтоқсан, 2019

Соңғы 10 жылда ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімі жарияланды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың әйгілі Forbes журналы 2010-2019 жылдар аралығында ең көп табыс тапқан спортшылардың рейтингін жариялады.

Соңғы 10 жылда ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімі жарияланды

Бай-қуаттылар тізімінде Флойд Мейвезер көш бастап тұр. Соңғы 10 жыл аралығында даңқы жер жарған америкалық кәсіпқой боксшының есепшотына 915 миллион доллар аударылған екен. Әсіресе, ол филиппиндік Мэнни Пакьяо және ирландиялық Конор МакГрегормен жұдырықтасқан кездері материалдық тұрғыдан мол олжаға кенелді.

Екінші және үшінші орындарды төрткүл дүниедегі теңбіл доптың теңдессіз шеберлері өзара бөлісіп отыр. «Ювентустың» сапындағы португалиялық сұрмерген Криштиану Роналду 800 миллионды еншілесе, «Барселонада» өнер көрсететін аргентиналық саңлақ Лионель Месси 750 миллионды «қалтаға басты». 

Сондай-ақ «ТОП-10» бай спортшылар қатарындаа ЛеБрон Джеймс (АҚШ, баскетбол) – 680, Роджер Федерер (Швейцария, теннис) – 640, Тайгер Вудс (АҚШ, гольф) – 615, Фил Микельсон (АҚШ, гольф) – 480, Мэнни Пакьяо (Филиппин, кәсіпқой бокс) – 435, Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол) – 425 және Льюис Хэмилтон (Ұлыбритания, «Формула-1») – 400 сынды саңлақтар бар.