Руханият • 25 Желтоқсан, 2019

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына Шымкенттен арнайы делегация келді

810 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыр алыбының есімімен аталатын Жамбыл облысының тұрғындары өңірдің 80 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысының 80 жылдық мерейтойына Шымкенттен арнайы делегация келді

Мерейтойға еліміздің үшінші мегаполисінен де арнайы делегация құттықтап келді. Шымкенттік делегация құрамында мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері және БАҚ өкілдері бар.

80 жылдық мерейтой аясында көптеген іс-шара өтпек. Бұған қоса бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталып, ел игілігіне беріледі деп күтілуде.

Атап айтқанда, Тараз қаласынан қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпанов пен танымал ақын Кенен Әзірбаевтың ескерткіші, сондай-ақ Әуендер әлемі мен Даңқты спортшылар алаңдарының ашылуы жоспарлануда. Сонымен қатар «Тектұрмас» этнотарихи кешені ашылады.

Онда облыстық тарихи-өлкетану музейі, көрме павильоны, амфитеатр, қолөнер шеберлерінің галереясы, «Руханият» орталығының жаңа ғимараты, көркемдік-бейнелеу өнері галереясы бар.

Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын сағат 17:00-де өтеді деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, 1939 жылы қазанда Әулиеата облысының атауы Жамбыл облысы болып ауыстырылды. Бұл дата Жамбыл облысының құрылған күні саналады.