Қазақстан • 25 Желтоқсан, 2019

Қырғызстанның жолшылары қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін зерттеуде

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институтына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрлігінің өкілдері Жол активтерін басқару жүйесінің жұмысымен танысты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанның жолшылары қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін зерттеуде

2017-2018 жылдар аралығында «ҚазжолҒЗИ» АҚ үш жылдық бағдарламаның аясында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы жолдардың 5188 шақырымын диагностикадан өткізіп, паспорттаған болатын. Қырғыз Республикасының Көлік және жол министрлігі қызметкерлерінің Алматыға жасаған жұмыс сапары аясында қазақстандық жолшылар өз тәжірибесімен қырғызстандық әріптестерімен  бөлісті.

Бүгінгі таңда Қырғызстан жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын диагностикадан өткізу және паспорттау, сондай-ақ Жол активтерін басқару жүйесін енгізу шаралары жүргізіп жатыр. Институт қызметкерлері әріптестерін жолдарды сертификаттау мен диагностикалауға арналған бағдарламалық қамтамасыздандырылған жылжымалы жол зертханаларының жұмысымен таныстырды. Кешеннің құрамында жол беткейінің, жол жиегінің және жолдың орналасу элементтерінің ағынды бейнелерін түсіруге арналған бейнекамералар, жолдың егжей-тегжейлі диагностикасын жүргізуге мүмкіндік беретін басқа да жоғары технологиялық замануи жабдық бар. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта да ынтымақтастықта жұмыс істеп, өзара тәжірибе алмасулар жөнінде келісті.