Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Фемида» заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, Қазақ ұлттық техникалық университетін «геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008-2013 жылдары Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды. 2013-2016 жылдары аталған Орталыққа жетекшілік етті.
2016 жылдан бүгінге дейін Қазақсатн Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры лауазымын атқарып келді.