Тұрғындармен кездесулер тұрақты түрде Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Сарыарқа ауданының тұрғындары аула аумақтарын, көшелерді кеңейту, балалар алаңдарын орнату, пандустарды жайластыру мәселелерін көтерді.
«Ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға жағдай жасау - басты міндеттердің бірі. Президенттің тапсырмасына сәйкес елорданың дизайн-коды бекітілді. Дизайн-код ережелері қала кеңістіктерін реттейді. Басты міндет-қоғамдық кеңістікті құру және адамдардың өмір сүруі үшін жайлы қала қалыптастыру. Мемлекет пандустар бойынша стандарттарды қабылдады. Бұдан былай мемлекетік экпертиза пандустардың міндетті түрде орнатылуын жіті қадағалайтын болады. Балалар алаңдарын, шағын сәулет нысандарын, абаттандыру мәселелері бойынша жұмыстанған кезде адамдардың пікірін ескере отырып шешім қабылдаймыз. Дизайн-кодта жаяу жүргіншілер, велосипед зоналары, қоғамдық кеңістіктер мен көгалдандыруды нақты қарастырылған. Жарнамаларды орналастыру ережелері әзірленді. Осының барлығы қалада өмір сүруді қолайлы етуге көмектеседі», деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға жағдай жасау мақсатында қалада екі оңалту орталығы, ипподром базасында иппотерапиямен айналысуға арналған жабық манеж салынады. Жаңа тұрғын үйлердік бірінші қабатында емхана, полиция пункті, оңалту орталықтары, балабақшалар сияқты әлеуметтік нысандар салынады. Инватакси саны 22-ден 46-ға дейін артты.
Бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл және Байқоңыр аудандарының тұрғындарымен кездесті. «Ашық микрофон» форматындағы осындай кездесулер жүйелі түрде өтетін болады. Әр сұрақ жұмысқа алынды.