Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жедел медициналық көмек стансасы 52 жаңа автокөлікпен толықты

296 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жедел медициналық жәрдем стансасына 52 жаңа автокөліктің кілтін тапсырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жедел медициналық көмек стансасы 52 жаңа автокөлікпен толықты

«Жақында республикалық бюджет есебінен тағы 22 жаңа көлік келеді», - деді Елжан Біртанов.

Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен бірлескен 103 қызметін ұлттық стандарттар мен халықаралық талаптарға сәйкес жабдықтауға арналған ауқымды бағдарламасының бастауы.

Барлық автомобильде заманауи жабдықтар, соның ішінде дефибрилляторлар, электрокардиограф, өкпені жасанды желдету аппараттары, оттегі баллондар бар.

Бағдарлама аясында 2020 жылдың алғашқы айларында өңірлерге 800-ден астам санитарлық көлік жеткізіледі.

Шараға Денсаулық сақтау министрі және Шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының және астаналық әкімдіктің өкілдері қатысты.

6

Жаңа автомобильдер Нұр-Сұлтан қаласының Жедел медициналық көмек қызметінің автопаркін 100 пайыз толықтыруға, 103 қызметі жұмысының жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ министр «Нұр-Сұлтан» жедел жәрдем стансасының ұжымымен кездесіп, дәрігерлердің жалақысы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға, медбикелер жалақысы 20 пайызға көтерілетінін хабарлады.