Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019

Алик Шпекбаев пен Оңдасын Оразалин «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы  Алик Шпекбаев пен  облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенінде болды.

Алик Шпекбаев пен Оңдасын Оразалин «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев пен  облыс әкімі Оңдасын Оразалин  жылыжайда қызанақ өсіру жұмысының барысымен танысты.

Естеріңізге салып өтсек,  голландиялық инвестордың  бірқатар  қиындыққа топ болғандығы жайында айтылған болатын. Нидерландтық инвестордың жылыжай кешеніне арналған жабдықтарды әкелуі барысында, мемлекеттік кірістерге тиесілі кеден органы жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде, фискалдар «Green Capital Kazakhstan» ЖШС 353 млн теңге көлеміндегі баж салығын артық есептеген.

Кәсіпорын мамандары  «Protecting business&investments» жобалық кеңсесіне жүгініп, сыбайлас  жемқорлыққа қарсы қызметтің  мәселеге араласуы барысында  айыппұл салығы тасталған.

«Шетелдік инвестициялар үшін өңірлік бәсекелестіктің күшеюі контекстінде елдегі парасатты бизнес-ортаны қалыптастыруды ынталандыру қажет. Бұл бағытта «Protecting business&investments» жобалық кеңсесі жұмыс жүргізуде, ол Қазақстанның Орталық Азиядағы бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға белгілі бір үлес қосады», - деп атап өтті Алик Шпекбаев.