Тағайындау • 26 Желтоқсан, 2019

СІМ: Жаңа Жауапты хатшы тағайындалды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жаңа Жауапты хатшы Әркен Өтеновты ұжыммен таныстырды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

СІМ: Жаңа Жауапты хатшы тағайындалды

Министр оның қаржы секторындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі кәсіби тәжірибесіне тоқтала келе, Ә.Өтенов Қазақстанның білімді және тәжірибелі басқарушыларының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған Президенттік жастар кадрлық резервінен шыққан алғашқы маман болып табылатынын атап өтті.