Спорт • 26 Желтоқсан, 2019

Алматыда шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі аяқталды

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-25 желтоқсан күндері Алматы маңындағы Солдат шатқалында орналасқан «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі өтті. Аталған сынға еліміздің он аймағынан спортшылар қатысты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Алматыда шаңғы жарысынан Қазақстан кубогі аяқталды

Соңғы жарыс күнінде еркін әдістен масс-старт жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі төмендегідей: 

Әйелдер

Ангелина Шурыга

Елена Коломина

Камила Махмутова

Ерлер 

Никита Гридин 

Даулет Рахымбаев

Александр Воробьев

Жарысқа жалпы есебі 150-ге жуық спортшы қатысты. Олар классикалық және еркін әдіспен спринт, классикалық әдіспен жекелей сын және масс-старт бәсекесінде бақ сынады. Турнирде ерлер мен әйелдер арасында 8 медаль жиынтығы сарапқа салынды.