Парламент • 26 Желтоқсан, 2019

Сенатта жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері қаралды

162 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сенат отырысында заңнамаға қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша түзетулер екі оқылымда қаралып, қабылданды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенатта жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері қаралды

Сенатта заң жобасын таныстырған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов құжат қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстың жекелеген құрамы жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында әзірленгенін атап өтті.

Қосымша баяндама жасаған сенатор Владимир Волков заң жобасында бірқатар негізгі бағыттар бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отырғанын жеткізді.

Зорлау және жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттерінің барлық құрамы үшін, балаларға жыныстық зорлық жасау фактілері бойынша дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін, сондай-ақ оны жасырғаны және хабарламағаны үшін жауапкершілік күшейтіледі;

Үй-жайға, қоймаға немесе көлік құралына кіріп жасалған ұрлық, тонау және қарақшылық үшін жауапкершілік күшейтіледі.

Заңсыз есірткі айналымына электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізіледі.

Мал ұрлығы бойынша қылмыстың жеке құрамы енгізіледі.

Заңсыз аң аулауды қылмыстық теріс қылықтан орташа ауырлықтағы қылмысқа ауыстыру, браконьерлік қылмыстың ауырлататын құрамы (оның ішінде ақбөкендер бойынша) және зорлық-зомбылық қолданғаны, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың өміріне қауіп төндіргені үшін жауапкершілікті күшейту үшін қарастырылған.

Сонымен қатар, одан әрі ізгілендіру және жазалаушылықты төмендету бөлігіне, атап айтқанда, мүлікті тәркілеуді тағайындау және шартты жаза тағайындау кезінде, сондай-ақ кепілгерлікке байланысты жазадан босату кезінде кепіл мөлшерін төмендету бойынша түзетулер ұсынылады.

Сондай-ақ қылмыстық-атқару заңнамасына жазаны орындау жүйесін одан әрі ізгілендіруге бағытталған түзетулер ұсынылады.