Спорт • 26 Желтоқсан, 2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ережесіз жекпе-жектен «Gorilla Fighting Championship 23» деп аталатын ірі халықаралық турнир өтті.

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтті

Осы жарыстың басты бәсекесінде қазақстандық Дәурен Ермеков GFC нұсқасының уақытша чемпионы атағы үшін ресейлік Артур Гусейновпен күш сынасты. 84 кило салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жек ұпай санымен қандасымыздың пайдасына шешілді. Ал өзге кездесулер төмендегідей нәтижелермен аяқталды:

Жартылай орта салмақтағы Руслан Базиев (Қазақстан) Хасан Бозорты (Өзбекстан) бірінші раундта «қылқындыру» әдісімен ұтты.

Аса жеңіл салмақтағы Еламан Шертаев (Қазақстан) Умар Кунакбиевтен (Ресей) ұпай санымен ұтылды.

Жеңіл салмақтағы Абылай Толеш (Қазақстан) Хуршед Назаровтан (Өзбекстан) ұпай санымен ұтылды.

Ауыр салмақтағы Дархан Бакенов (Қазақстан) Евгений Голубты (Украина) техникалық нокаутпен ұтты. 

Жеңіл салмақтағы Руслан Сариев (Қазақстан) Матеус Браунсты (Бразилия) ұпай санымен ұтты.

Жартылай жеңіл салмақтағы Владислав Королевский (Ресей) Жасұлан Әкімжанді (Қазақстан) «қылқындыру» әдісімен ұтты.

Жеңіл салмақтағы Тарцизио Гомес (Бразилия) Сәбит Жүсіповті (Қазақстан) нокаутқа жіберді.

Орта салмақтағы Игорь Свирид (Қазақстан) Адриано Родригесті (Бразилия) ұпай санымен ұтты.