29 Шілде, 2013

Теңіз тарланы

698 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Нар тұлға

наргалиКөк теңізден несібесін теріп өскен Арал маңының балалары үшін балықшылықтан артық кәсіп жоқ. Ол сұрапыл дауылда толқынмен алысады, ұшы-қиыры жоқ көк айдынға жүрексінбей аттанады. Азапты сапардан оралған соң енді қайтып су көрмей кететін шығар дейсің. Жоқ, таң алагеуімнен қара қайықтың азынасына тағы да жайғасады. Оны айтасың, аядай ауылда жағалаудан бөлінген мұз үстінде ықпаған балықшы жоқ. Аралдың лексиконында «Теңізге ықпаған балықшы балықшы ма?» деген аталы сөз бар. Сондықтан олар сенің көз алдыңда ертегінің қас батырларындай болып елестейді.

 

 

Нар тұлға

наргалиКөк теңізден несібесін теріп өскен Арал маңының балалары үшін балықшылықтан артық кәсіп жоқ. Ол сұрапыл дауылда толқынмен алысады, ұшы-қиыры жоқ көк айдынға жүрексінбей аттанады. Азапты сапардан оралған соң енді қайтып су көрмей кететін шығар дейсің. Жоқ, таң алагеуімнен қара қайықтың азынасына тағы да жайғасады. Оны айтасың, аядай ауылда жағалаудан бөлінген мұз үстінде ықпаған балықшы жоқ. Аралдың лексиконында «Теңізге ықпаған балықшы балықшы ма?» деген аталы сөз бар. Сондықтан олар сенің көз алдыңда ертегінің қас батырларындай болып елестейді.

Бірақ балықшының да балықшысы бар. Олардың да қатарлысы мен қаһарлысы, батылы мен жасығы жетіп артылады. Айдынды Аралдың бүкіл балықшысы беделсіз болған жоқ. Алайда, солардың ішінде есімі елге кең танылған майталман үш балықшының тұлғасы айрықша дараланып тұратын. Олар – кеңестік жүйенің бүкіл орден-медалін балықша сүзіп алған бөгендік Бапан Кемалов, республиканың Жоғарғы Кеңесінің екі мәрте депутаты болған қаратереңдік Дүйсенбі Қалабаев, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақеспелік Нарғали Демеуов еді. Осы үшеуі Арал маңындағы үш ауылдың – Бөгеннің, Қаратереңнің, Ақеспенің атын елге кеңінен танытты.

Бүгінгі біздің әңгімеміздің кейіпкері болып отырған қаршадай кезінен еңбек майданында көзге түсіп, нағыз қас батырларша тер төккен, Аралдың атақты балықшысы Нарғали Демеуов – қажырлы еңбек қаһарманы.

Кешегі екінші дүниежүзілік соғыстың зардабын әрбір қазақ отбасы тартқаны белгілі. Он жастан он бірге қараған шағында әкесі Демеу еңбек армиясына алынып, шаңырақты асырау міндеті қаршадай баланың мойнына артылады. Ешкімге жалынбай-ақ әкенің ау-құралымен бір асым балық үшін алғашында анасымен бірге, кейіннен жалғыз өзі теңізге шығып, өмірдің ащы-тұщысын тата бастайды. Алғашқы ауға түскен бір асым балық үйдегі анасы мен аш құрсақ іні-қарындастарын аштықтан құтқарады. Сол күні ол өзін алғашқы жекпе-жекте жауын жеңген батырдай сезінеді. Көп ұзамай балықшылар бригадасына алынып, мемлекеттік тапсырманы орындауға кіріседі. Сол кезде оның жасы бар болғаны 13-те болатын. Қасында ақылшы, көпті көрген, тәжірибелі балықшылар бар еді. Нарғали ағамыз олардың айтқанын екі етпей орындап, балық аулаудың қыры мен сырын үйреніп, ақыл-кеңестерін құлағына құйып, тәжірибе жинайды. Одан әрі ысыла түседі.

Нағыз қас батыр қай майданда да бірден батыр болып кетпейді. Батыр болып бірте-бірте қалыптасады. Соғыс жылдары тылдағы еңбек майданының отын қыздырған Нарғали ағамыздың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі мол. Соның айғағы ретінде өкімет оны он төрт жасында «Тылдағы еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Атақты балықшының бұл медалі оның болашақ медальдары мен ордендерінің, атақ пен сыйлықтарының бастамасы болды.

Аралдың ақиығы

Бала кезінен өзіне артылған жауап­кер­ші­лік­ті жете сезінген ол оны бүкіл ғұмыр бойы ту етіп ұстады. Алғаш рет оған ұжым мына­дай тапсырма жүктейді. Ол кезде жасы 13-те еді. Балықшылар бригадасы ауылдан 35 ша­қы­рым жерде күнделікті кәсібімен айналы­сып жатады. Бір күні бригадирі Қуандық Еш­ния­зов қатты ауырып, орнынан тұра алмай жатып қалады. Соғыстың кезі. Балықшылар бригадасында медпункт, дәрігер дегендер атымен жоқ. Балық аулауды тоқтатуға болмайды. Үлкендер жағы ақылдаса келе бригадирді 35 шақырым жердегі ауыл медп