Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жаңа сайланған федерация президентіне қызметте сәттілік тілеп, аталған федерация жұмысының аса маңызды екеніне тоқталды. Президенттік тестілердің ұлт денсаулығын сақтау, өскелең ұрпақты саламатты өмір салтына шақыруда аса маңызды екенін жеткізді.
Өз сөзінде жаңа сайланған федерация президенті бұқаралық спорттың ұлт саулығындағы маңызын атап өтті.
«Ұлт саулығы ел саясатының басым бағыттарының бірі. Бұқаралық спортты әлеуметтің барлық топтары арасында дамыту маңызды. Спорттық инфрақұрылымды бұқараға қолжетімді ету керек. Бұқаралық спортты дамыту бойынша кешенді жоспарды заңмен бекітіп, осы бағытқа басымдық беру қажет», деді Ә.Смайылов.