Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2019

Алтай Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

169 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алтай Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен «Ашық микрофон» форматында кездесті. Азаматтар көкейде жүрген сұрақтарын қойды. 200-ге жуық сұрақ қойылды. Қойылған сұрақтар қатарына ауданның елді-мекендерін дамыту, мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар салу, жарықтандыру, аумақтарды абаттандыру, газдандыру, қоғамдық көлік жұмысы, тұрғын үй мәселелері жатады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Алтай Көлгінов Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті

Алматы ауданының тұрғындары тұрғын үй бағдарламалары қатысу бойынша бірқатар мәселелерді көтерді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елорда тұрғындарына 3,5 мың қолжетімді баспана берілді.

«Тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету - біз үшін басты міндеттердің бірі. Жұмысты бірнеше бағыт бойынша жүргізіп жатырмыз. Бірінші бағыт тұрғын үй алу үшін жеңілдікпен несие беруді және жалға берілетін тұрғын үйді қамтиды. 2,5 мың адамға пәтер берілді. Бұл пәтерлер халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, яғни жетім балаларға, толық емес отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына, көп балалы отбасыларға берілді.

Екінші бағыт бойынша жұмыс істейтін жастарға 1050 жалға берілетін пәтер (5 жылдық мерзімге) берілді. Бұл бағдарламаны келесі жылы да жалғастырамыз.

Үшінші бағыт бойынша «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 700-ге жуық несие берілді. Төртінші бағыт бойынша 1 млн.теңгелік тұрғын үй сертификаттары берілді.

Сонымен қатар отбасыларды елордадан өңірлерге көшіру бағдарламалар да бар. Мемлекет басшысы келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге арттыруды тапсырды. Айта кету қажет, жалға берілген тұрғын үйді 5 жылдан кейін босату қажет етілмейді. Бұл сіздің үйіңіз, балаларыңызға қалады», деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Сонымен қатар апатты және ескі үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мысалы, 70 адам 1952 жылы салынған барак үлгісіндегі апаттық үйден жаңа үйлерге көшірілді. Мұнай базаларына жақын орналасқан 39 разъезде (Байқоңыр ауданы) 27 үйдің жиырма тұрғыны пәтер алды. Барлық тұрғын үй бағыттары бойынша жұмыстар жүйелі негізде жүргізіліп жатыр.

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық төрт ауданының тұрғындарымен кездесті. «Ашық микрофон» форматындағы кездесулер тұрақты негізде өтеді. Жалпы 600-ден астам сұрақ қойылды, әр мәселе жұмысқа алынды.