Спорт • 27 Желтоқсан, 2019

Теннис: Жүлде қоры 71 миллион АҚШ долларын құрайды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келесі жылдың басында басталатын теннисшілер арасындағы Австралияның ашық біріншілігінің жүлде қоры көбейіп, 71 миллион долларды құрайды.

Теннис: Жүлде қоры 71 миллион АҚШ долларын құрайды

«Үлкен дуылға» санатындағы айтулы жарыстың тұсауы сонау 1905 жылы кесілді. Бұрындары ол Австралияның түрлі қалаларда ұйымдастырылса, соңғы жарты ғасырдан аса уақытта Мельбурнда өтуде.

Биылғы турнирде ерлер арасында Сербияның саңлағы Новак Джокович дара шықты. Финалда ол испаниялық Рафаэль Надальдан басым түсті.

Әйелдер сайысында жапониялық Наоми Осака озды. Ақтық сында ол чехиялық Петра Квитованы қапы қалдырды.