«Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), апаттар медицина орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді.
Сонымен қатар ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды.
Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді» делінген хабарламада.