«Bek Air» әуекомпаниясының «Алматы - Нұр-сұлтан» бағыты бойынша ұшу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған. Екі қабатты құрылыспен соқтығысқан ұшақ оқиға орнында өртенген жоқ.
Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев қаза тапқан азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетілетініне сендірді. Сонымен қатар, президенттің айтуынша, барлық кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, әуе бортында 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша әуе апатынан 14 адам қаза тауып, қираған ұшақтың 24 жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Авариялық-құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін қаза болғандар мен тірі қалғандардың саны туралы нақты деректер айтылады.
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бастаған үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады.
Оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеуде. Сонымен қатар жедел-тергеу тобы жұмыс жүргізуде. Барлығы 976 адам және 70 бірлік техника, 33 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады.
Оқиға мән-жайын анықтағанға дейін осы үлгідегі ұшақтардың ұшуы уақытша тоқтатылды.
Жедел штаб құрылды.
Жедел желі номерлері: 8 (7172)53-32-84.
Алматы облысы ТЖД 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18.
Нұр-сұлтан 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47