Тағайындау • 27 Желтоқсан, 2019

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары болып Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

М.Әйтенов 1981 жылы туылған. Білімі жоғары, мамандығы бойынша «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» және заңтану.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 ж. – ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі.
2008-2010 ж. – ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.
2010-2012 ж. – Президент Ісі Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2012-2013 ж. – Президент Ісі Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
2013-2016 ж. - Президент Ісі Басқармасының аппарат басшысы.

Ал, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап, бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары қызметін атқарып келген.