Қазақстан • 27 Желтоқсан, 2019

Ұшақ апаты: Акушер-гинеколог Арман Исина қаза тапты

2348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов Facebook-тегі парақшасында жазды. 


Ұшақ апаты: Акушер-гинеколог Арман Исина қаза тапты

«Қымбатты достар, әріптестер! Қазақстан медицинасы ауыр қайғыны басынан өткеруде. Әріптесіміз, акушер-гинеколог Арман Исина қаза тапты.

Ол Қазақстандағы ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша ұлттық жаттықтырушы болатын. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарына созылмалы инфекциялық емес ауруға шалдыққан пациенттерді халықаралық талаптарға сәйкес емдеу тәсілдерін үйретіп жүрген еді.

Арман Исина Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еліміздегі әртүрлі денсаулық сақтау ұйымдарында, атап айтқанда, Денсаулық сақтау министрлігінде және халықаралық денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс істеді.

Бұл барлығымыз үшін, әсіресе, әріптесіміздің отбасы үшін өте ауыр және орны толмас қайғы. Еліміздегі бүкіл дәрігердің атынан Арман Исинаның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын» деп жазды ол facebook-тегі парақшасында.