Үкімет • 27 Желтоқсан, 2019

Марат Нұрғожин қызметінен босатылды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Марат Рахмалыұлы Нұрғожин басқа жұмысқа ауысуына байланысты цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Марат Нұрғожин қызметінен босатылды

Марат Нұрғожин 1957 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Н. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін тәмамдаған. Еңбек жолын 1980 жылы бастаған. 

Түрлі жылдары Қарағанды политехникалық институтында, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде, Білім және ғылым министрлігінде, «Самғау» ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ-да, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-да жұмыс істеді. 

2016-2017 жылдары — қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

2019 жылғы сәуірден бастап қазіргі таңға дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі лауазымын атқарды.