Қоғам • 28 Желтоқсан, 2019

Тоқтар Әубәкіров ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

1355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақтың тұңғыш ғарышкері – Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, КСРО-ның еңбегі сіңген ұшқыш-сынақшысы, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров Алматы маңына құлаған  Bek Air компаниясы ұшағында қаза тапқан Қазақстанның генералдар кеңесінің төрағасы  Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың отбасына, ұшақ апатынан көз жұмған басқа да марқұмдардың отбасыларының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Тоқтар Әубәкіров ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

«Жыл аяқталар тұста қабырғамызға қатты батқан қайғылы оқиға біздің ғана емес күллі әлем жұртшылығының назарын өзіне аударды. Генерал Қайдаров құқық қорғау саласының ғана білгірі емес, еліміздің шынайы патриоты ретінде тәуелсіз еліміздегі барлық салалық генералдардың басын қосып, олардың тәжірибесін кейінгі ұрпаққа үйретуші ұстаз еді. Апатқа ұшырағандардың барша жақындары мен туыстарына сабыр тілеймін», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51