Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2019

Қазақстанның бас туы аза тұту күніне орай төмен түсірілді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының ортасындағы Мемлекеттік ту Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұту күніне орай төмен түсірілді.

 

Қазақстанның бас туы аза тұту күніне орай төмен түсірілді

Қазақстанның ең үлкен туы елорда орталығында «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында орнатылған.

Алматы облысында Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.