Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2019

Ұшақ апатындағы қара жәшік Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты.

Ұшақ апатындағы қара жәшік Мемлекетаралық авиация комитетіне беріледі

«Кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мемлекетаралық авиация комитетінің төрағасымен сөйлесті. Уағдаластық болды, бүгін кешкісін, сағат 18-40-та Мәскеуден Алматыға сарапшы ұшып келіп, жұмысқа кіріседі. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жедел тергеу тобы әуе кемесі бортының өздігінен жазу құралын алды. Ертең біз қара жәшікті мән-жайды анықтау үшін Мәскеу қаласындағы Мемлекетаралық авиация комитетіне береміз», - деді Берік Камалиев.

Вице-министрдің айтуынша, қара жәшіктегі жазбаларды зерттеу жұмыстары дүйсенбі басталады.