30 Шілде, 2013

Атырауда екі жұмысшы 5 метр биіктен құлады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Два рабочие

Атырау облысының Жылыой ауданы аумағындағы «Теңіз» кенішінде екі жұмысшының 5 метр биіктіктегі сатыдан құлағаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқыс оқиға «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының игеруіндегі алып кеніште 27 шілдеде 11 сағат шамасында орын алған. Бірлескен кәсіпорынның ұзақ жылдардан бергі тұрақты мердігерлерінің бірінен саналатын «Денхолм Жолдас» ЖШС-де жұмыс жасайтын екі жұмысшы КТЛ-2 қондырғысындағы құрылыс сатыларын бұзу барысында 5 метрлік биіктен құлаған. Олардың бірінің жасы 36-да, екіншісі 47 жаста екен.

Жарақат алған жұмысшылар алдымен «Теңізшевройлдың» емханасына, кейіннен тікұшақпен Атырау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілген. Қазір жарақат алған жұмысшының бірі жан сақтау бөліміне жатқызылды. Ал «жабық бас сүйек-ми жарақаты және омыртқаның зақымдануы» диагнозы қойылған екінші жұмысшыға нейрохирургия бөлімінде дәрігерлік ем-дом көрсетілуде.

Жолдасбек Шөпеғұл,

«Егемен Қазақстан».

Атырау облысы.