«7 қаңтарға дейін кейінге қалдырылған «Bek Air» рейстерінің жолаушылары үшін «Air Аstanа» әуе компаниясы орын болған жағдайда Бек Эйрдің бастапқы билет құнынан аспайтын баға ұсынатын болады. Жалпы, «Air Аstanа» 27-29 желтоқсан күні Нұр-Сұлтаннан Алматығы және кері бағытта қосымша 5 рейс шығарды. Әуе компаниясы Бек Эйрдің алынып тасталған рейстерінің жолаушыларынан діттеген жерлеріне дер уақытында жетулеріне көмектесу үшін қосымша ішкі рейстер шығару жұмыстарын жалғастыруда» делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство мәліметінше, SCAT әуе компаниясы «Бек Эйр» жолаушыларын тасымалдауға 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін көмек көрсететін болады. Тасымалдау бос орын болған жағдайда жүзеге асырылады. Жол жүру құжатын рәсімдеу үшін «Bek Air» әуе компаниясының өкілдеріне жүгіну қажет. Мұнан бөлек SCAT «Bek Air» компаниясы экипаждарын өңірлерден тұрғылықты жерлеріне жеткізуде де көмек көрсетті. «Qazaq Аir» әуе компаниясы да «Bek Air» компаниясының жолаушыларын тасымалдауға көмек көрсетуді 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін созып отыр (бос орындар болған жағдайда).
Мұнан бөлек Үкімет тапсырмасына сәйкес, еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Бек Эйрдің» алынып тасталған рейстерінің жолаушыларын тасымалдау үшін «Нұр-Сұлтан-Алматы» бағытында қосымша пойыз ұйымдастырды. Пойыз 30 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан-1 стансасынан сағат 22:03-те шығып, Алматы-2 стансасына 31 желтоқсан күні сағат 17:30-да жетеді.
Темір жол көлігіне мінгісі келетін жолаушылар тізім жасалуы үшін «Бек Эйр» компаниясының өкілдеріне жүгінулері керек.
Колл-орталықтардың телефондары:
-«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі»АҚ +77172613187;
-«Эйр Астана» әуе компаниясы +77172584477, +77272444477, +77027024477;
-«SCAT» әуе компаниясы +77252998880 (вн. 277, 278); - «Qazaq Air» әуе компаниясы +77273561414;
-«Бек Эйр» әуе компаниясы +77273545000, +77017334576. Колл-орталықтар жұмыс, демалыс және мереке күндері тәулік бойы жұмыс істейді.