Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Елордада үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды

207 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 400-ден астам салымшылары мен тұрғын үйге кезекте тұрған салымшылардың бір бөлігі Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер алды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада үй кезегінде тұрған азаматтар баспаналы болды

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын жаңа қоныстарымен және келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Қуанарлық жайт. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен «Нұрлы Жер» мемлекеттік қолжетімді тұрғын үй бағдарламасының арқасында сіз көптен күткен пәтерлерге ие болып отырсыздар. Тұрғын үй кешенінің орналасқан жері жақсы, сол жағалауда. Қоныстарыңыз құтты болсын, Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы аласыздар! 2020 жылдың бірінші жартыжылдығынынан бастап тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында емхана, балаларға арналған шағын орталықтар,  «Кәсіпкер ана» орталығы, полиция пункті оңалту орталықтары жұмыс істейді. Осы жылы қала тұрғындарына 3,5 мың пәтер берілді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес келесі жылдан бастап қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін 3 есеге арттырамыз» деді Алтай Көлгінов.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова атап өткендей, осы жылы 10,5 мыңнан астам елорда тұрғындары пәтер алды. Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 208 мыңнан астам банк салымшылары бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттеріне 3,5% - дан 5% - ға дейін тұрғын үй сатып алуға несие береді. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласының 9,5 мыңнан астам тұрғыны тұрғын үй сатып алуға несие алды, 51 мың тұрғын депозит ашты.
1

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025