Үкімет • 30 Желтоқсан, 2019

Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті

Әділет министрі М. Бекетаев баяндама жасады, ол биыл Парламентке «Педагог мәртебесі туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті, Экологиялық кодексті және т. б. қоса алғанда 32 заң жобасы енгізілгенін айтты.

«2020 жылға арналған жоспар жобасына өзекті және маңызды мәселелерді шешуге, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілді» деді А. Мамин. 

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын және Жолдауын іске асыруға арналған заң жобалары қарастырылған. Жаңа заң жобалары, соның ішінде,«Ардагерлер туралы», «Өсімдіктер әлемі туралы» және әрекет етіп тұрған заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін тағы да басқа бірқатар заң жобалары әзірленеді. 

Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.

«Жоспарлы заң жобаларын енгізу мерзімдері бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады» деп А. Мамин, Әділет министрлігіне Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын іске асыру кезінде жалпы бақылауды күшейтуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025