30 Шілде, 2013

Францияда 136 млн. долларлық бағалы бұйымдар ұрланды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ювелирные драгоценности

28 шілде күні Францияның Канны қаласы «Карлтон» мейманханасында өтіп жатқан зергерлік бұйымдар көрмесіне белгісіз біреу тапаншамен кіріп барып, бағасы 136 млн. доллар құрайтын бағалы әшекейлерді алып кеткен. Бұл туралы «Lifenews.ru» хабарлады.

Бұдан бұрын ұрланған бағалы бұйымдар 53 млн. долларға бағаланған болатын. Ал деректер нақтыланған соң, бұл оқиға зергерлік дүкендердің тоналу тарихындағы ең ауқымдысы саналып отыр.

«Біз шұғыл түрде қылмыскерді анықтау мен құрықтау шарасын бастап кеттік. Жақын арада ұрланған заттар орнына қайтарылады», – деп мәлімдеді Канны полициясының өкілі.

Айдар Өрісбаев.