Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Елордада жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті. Шараға 100-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада жаңажылдық қайырымдылық шыршасы өтті

Жаңа жылдық қайырымдылық шыршасының негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларға көмек көрсету, сондай-ақ оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Достық үйінің концерттік залында өткен шараға 100-ге жуық балалар мен ата-аналар қатысты. Олардың арасында танымал продюсер Алпамыс Шәрімов, жайдарманшы Ғалым Махамбетов пен ұлы Расул да болды. Аяз ата мен Ақшақар, Микки Маус пен Гринч, Миньон және Темір адам бейнесіндегі ертегі кейіпкерлері қойылымдар қойып, бүлдіршіндерді ерекше әсерде қалдырды. Арнайы ойындар мен концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.

Мереке соңында әр балаға Жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері де балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, игі лебіздерін білдірді.

2