Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Елордада «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді

278 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені бүгін қолданысқа берілді. 200-ден астам астаналық отбасыға пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді

Тұрғын үй кешенінің ашылуына үлескерлерден бөлек Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев қатысты.

«Жаңа жыл қарсаңында көптен бері армандап күткен пәтерлеріңізге қол жеткізгендеріңіз біз үшін үлкен қуаныш. Осыдан жеті жыл бұрын құрылысы басталған тұрғын үй кешеніне 200-ден астам отбасы қаржы салған. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен және Үкімет басшысының жетекшілігімен арнайы қаражат бөлініп, соның нәтижесінде бұл үйдің құрылысы аяқталды. Құрылыс барысында айтарлықтай қиындықтар болғаны рас. Дей тұрғанмен «Елорда құрылыс компаниясының», құрылыс кооперативінің басшысы Гүлнәр Қасымованың атқарған жүйелі жұмысының нәтижесін бүгін көріп отырмыз» деді Алтынбек Қайсағалиев.

Осыдан кейін салтанатты түрде тұрғын үй кешенінің кілті табыс етілді. Бұған қоса Алтынбек Қайсағалиев «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешенінің аяқталуына тікелей себепкер болған компания басшыларына қала әкімінің алғыс хатын табыстады.

Салтанатты жиында сөз алған құрылыс кооперативінің басшысы Гүлнәр Қасымова қала әкімінің құрылыс барысын әрдайым бақылауда ұстағанын атап өтті.

«Тұрғын үй кешенінің сыртқы желісінде үлкен қиындықтар болатын. Бірақ қала әкімі проблемаға айналған үйімізді өз бақылауында ұстаса, орынбасары Алтынбек Кеңесұлы аптасына екі-үш мәрте келіп тексеріп жүрді. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне үлескерлер атынан алғысымызды білдіреміз» деді құрылыс кооперативінің басшысы.

Жиын барысында жаңадан қоныс тойын тойлағалы отырған Дәмелі Әбдіхалықова «Комфорт De Luxe» тұрғын үй кешенінің үлкен қиындықтармен салынғанын қозғап өтті. Ол айына кемінде екі реттен келіп, кез келген проблеманы шешіп отырған қала басшысы Алтай Көлгіновке ерекше алғысын білдірді.

«Біз 2012 жылы «Азбука жилья» компаниясына» ақшамызды салғаннан кейін 2013 жаңа үйімізге көшуіміз керек болатын. Өкінішке орай, компания басшылары өз міндеттерін орындамай, қалталарына ақша түскен соң шетел асып қашып кетті. Содан елорда әкімдігіне шағымданып барғанымызда қала басшылығы тұрғын үй кешенін «Орда инжинеринг» ұйымына тапсырды. Бірақ бұл компания сотпен жеңіп алған активтерімізді сатып, құрылысты аяқтамай кетті. Көп ұзамай мемлекет тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы жарияланып, соның аясында проблемалы үйіміз «Елорда құрылыс компаниясына» бекітілді. Тендер жарияланып, баспанамызды «Меркурий және К» ұйымы аяқтады. Біздің жағдайымызды назардан тыс қалдырмаған Президентімізге, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне алғысымыз шексіз» деді жаңа баспананың иесі.

Айта кетейік, «Комфорт Де Люкс» тұрғын үй кешені елорданың Шұбары шағын ауданындағы Қалқаман және Наркескен көшелерінің қиылысында орналасқан. Ол өз міндетін толық аяқтамаған құрылысшылардың кесірінен 2015 жылы проблемалы тұрғын үйлердің қатарына енгізілген болатын. 2018 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысты аяқтау үшін «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС уәкілетті ұйымына ұсынылған. Кешен 3 кіреберістен, 20 қабаттан тұрады.


Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025