Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2019

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көбейіп келеді

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2019 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының нақты көлемі 9,8 млн тонна, жалпы соммасы 2 млрд 572,8 млн АҚШ долларын құрап отыр. Өткен 2018 жылмен салыстырғанда экспорт көлемінің көрсеткіші 7,4 пайызға өскен.  Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс көбейіп келеді
Айта кететіні, экспортталған барлық өнімнің үштен бір бөлігі, яғни 859,2 млн АҚШ долларын (33,4 %) отандық ауыл шаруашылығы шикізатынан өңделген дайын өнімдер құрап отыр. Осылайша ауыл шаруашылығы саласында қайта өңдеу өнімдерін сату көрсеткіштері өсіп отырғанын көруге болады. Тек,  ағымдағы жылдың қазан айында елімізден шет елдерге 102 млн АҚШ долларына дайын өнім сатылған.

Ауыл шаруашылығы шикізатынан өңделген дайын өнім экспортының ең үлкен үлесі ұн (30% - дан астам) және өсімдік майы (15%) сияқты тауарларға тиесілі. Ең көп сатылатын өнімдер қатарына сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер, шоколад, макарон және құс еті кіреді.

Сонымен қатар қазақстандық нарықты отандық өндірістік азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету көрсеткіштері 80 пайызды құрап отырғанын атап өту қажет. Тауарлардың кейбір түрлері бойынша Қазақстан жергілікті өнімдермен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Бірақ, алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант және құс еттері сияқты тауар түрлерінен Қазақстан импортқа тәуелді.
Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025