Теннис • 30 Желтоқсан, 2019

Теннисшілердің рейтингі жаңартылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннисшілердің әлемдік рейтингі қайта жаңартылды. Ерлер арасында қоржынында 9985 ұпайы бар Испанияның саңлағы Рафаэль Надальға көш бастап тұр.

Теннисшілердің рейтингі жаңартылды

Екінші орында Новак Джокович. Сербияның сайыпқыраны 9145 ұпайды олжалады. Сондай-ақ, «ТОП-10» теннисшінің қатарына швейцариялық Роджер Федерер (6590 ұпай), австриялық Доменик Тим (5825 ұпай), ресейлік Даниил Медведев (5705 ұпай), грекиялық Стефанос Циципас (5300 ұпай), германиялық Александр Зверев (3345 ұпай), италиялық Маттео Берретини (2870 ұпай), испаниялық Роберто Батиста-Агут (2540 ұпай) және франциялық Гаэль Монфис (2530 ұпай) сынды мықтылар еніп отыр.

Қазақстан құрама командасы мүшелері арасында АТР рейтингінде ең үздік көрсеткіш Александр Бубликке тиесілі. Биылғы жылды ол 56 орынмен қорытындылады. Еліміздің екінші ракеткасы Михаил Кукушкин үздіктер тізімінде 67 сатыда тұрақтауда.

Әйелдер арасында австралиялық Эшли Барти (7851 ұпай) алдына жан алмай келеді. Екінші және үшінші орындарда – чехиялық Каролина Плишкова (5940 ұпай) мен жапониялық Наоми Осака (5496 ұпай). Сонымен қатар үздік ондықтың қатарында румыниялық Симона Халеп (5462), канадалық Бьянка Андрееску (5133 ұпай), украиналық Элина Свитолина (5075 ұпай), чехиялық Петра Квитова (4776 ұпай), швейцариялық Белинда Бенчич (4685 ұпай), голландиялық Кики Бертенс (4245 ұпай) және америкалық Серена Уильямс (3935 ұпай) үздік ондықтың қатарында.

WTA рейтингінде «ТОП-10» теннисшінің қатарына үш отандасымыз еніп отыр. Олар – Юлия Путинцева (34 орын), Елена Рыбакина (37 орын) және Зарина Диас (77 орын).