«Ерлі-зайыптылардың төрт бала тәрбиелеп отырғанына қарамастан, олардың шешімі нақты және анық болды. Екеуіде «Жетімсіз Қазақстан» жобасының идеясы туралы Ботагөз теледидардан көрген болатын. Ерлі-зайыптылардың бұл ойын бір үйде тұратын Бауыржанның ата-аналары қолдады.
Аға сержант Бауыржан Исаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінде механик-жүргізуші болып қызмет атқарады. Әскери қызметші Қарулы Күштерінде осымен 15 жыл үлгілі қызмет етіп және еліміздің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің нығайтуына із үлесін қосуда. Қызметтестері мен командирлері оны өз ісінің білімдері маманы, тиянақты және тәртіпті адам ретінде біледі.
«Үлгілі жане тәртіпті әскери қызметші, әскери мамандықты жақсы меңгерген. «Айбалта-2019» оқу-жаттығуында Үздік механик-жүргізуші болып танылды, осы жылдың күзінде Үндістандағы «ҚазИнд-2019» оқу-жаттығуында өзінің кәсіби білімін лайықты көрсете білді, деп атап өтті әскери бөлім командирінің орынбасары майор Бағдад Әбдірахманов.
-Біз оның жұбайымен бірге балалар үйінен балаларды алуды шешкенін білгенде таңкалдық және қолдадық. Ол кісіде бәрі әрдайым жақсы. Үйдеде де, жұмыста да».
Бастапқыда Бауыржан мен Ботагөз үш баланы асырап алуды ойлаған. Бірақ балалармен жеке танысқан кезде бір баланың аға-інілері мен апа-қарындастары бар екені анықталды.
Барлық балалардың ата-аналары бар, алайда өз міндеттерін дұрыс орындамауынан ата-ана құқығынан айрылған. Тек үшеуінің ата-анасы өз құқығынан айрылғанның мәртебесі жоқ. Заң бойынша оларды әзірге асырап алушы отбасына беруге болмайды. Бірақ Бауыржан мен Ботагөз алған ойынан қайталайды. Олар сабырмен күтуде. Осы шешім қабылданғаннан кейін Исаевтар отбасы қазіргідей он емес, он үш бала болады. «Жұмыстан үйге оралғанда, балалар «әке» деп алдымнан жүгіртіп шығады» деп қуана айтты Бауыржан Исаев.
-Үш жасар қызым Ангелинаны кіші болғандықтан көтеріп аламын, бір ұлым бушлатты шешсе, екіншісі әскери бас киімді алады. Осылайша бәріміз тату-тәтті үйге кіреміз».
Қазір Исаевтар әулеті жаңа жылды қарсы алуға дайындалуда. Үйде шырша әсемделіп, балалар өлең оқиды, және де ата-анасы, ата-әжесі, достары мен Аяз атадан сыйлықтар беріледі. Балалар бір отбасының толыққанды бір мүшесі ретінде сезінеді. Биылғы жаңа жыл олар үшін шыныменде ерекше болады» делінген хабарламада.