Министрлік атаулы әлеуметтік көмек берудің қолданыстағы жүйесін өзгертетін заң жобасын әзірледі, Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі.
Ұсынылып отырған жаңа ұстанымдар:
- көпбалалы аналарды қолдауды;
- жаңғыртылған атаулы әлеуметтік көмекті;
- кепілді әлеуметтік көмекті қамтитын болады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын әлеуметтік кепілдендірілген пакетті беру ұсынылды. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілмек.
Ал оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақ, күнделікті мектепке дейінгі жол, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдары мемлекет есебінен беріледі.