Аймақтар • 30 Желтоқсан, 2019

Шымкент: ТҮҚЖ банкінің жаңа кеңес беру орталығы ашылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үшінші мегаполисте Тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің жаңа кеңес беру орталығы жұмысын бастады. Заманауи форматтағы орталық Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысында орналасқан. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент: ТҮҚЖ банкінің жаңа кеңес беру орталығы ашылды

Қала тұрғындары мұнда тек депозит ашып қоймай, сондай-ақ несие алу үшін өтінім беріп, өз мүмкіндіктерін алдын ала тексере алады.

ТҮҚЖ банкінің Шымкенттегі кеңес беру орталықтары мына мекенжайда орналасқан:

Рысқұлов көшесі, «Гипер Хаус» сауда орталығы;
* Қонаев даңғылы, "Алтын" сауда үйі;
* Асқаров көшесі, 32 үй
* Рысқұлов көшесі, «Север» сауда үйі.

Бүгінгі таңда 1,5 млн қазақстандық Тұрғын үй құрылысы жинақ банкіне сенім білдіріп отыр. Биыл 350 000 мың адам депозит ашып, салымын бастады.

Шымкент қаласы бойынша 97 708 салымшы бар, олардың жалпы жинағы 43,2 миллиард теңгені құрап отыр.

– Қаржысын жинақтаған салымшылар банк сыйақысынан бөлек жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақыны да ала алады. Оның мөлшері – 20%, яғни 505 000 теңге салып, 101 000 теңге сыйлықақы ала аласыз. Ол үшін 31 желтоқсанға дейін депозит ашып, толтырып үлгеру қажет, деді ТҮҚЖБ Шымкент филиалының бөлім басшысы Нұрлан Сұлтанов.