Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2019

Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады

440 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассам­б­леясы Солтүстік Қазақстан облыстық фи­лиа­лының жылды қорытындылаған форумы болып өтті.

Облыстық Ассамблея жылды қорытындылады

Алдымыздағы жылы 25 жыл­­дық мерейтойын атайтын осы­нау айрықша институттың ха­лық арасындағы беделі зор. Ол төзім­ділік пен қоғамдық келі­сімнің бүкіл дүние жүзі мо­йын­даған қазақстандық моделін жасады. Форумда облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев сөз алып, қатысушыларға облыс әкімі­нің құттықтауын жеткізіп және ұйым­ның биылғы жұмысына қыс­­қаша шолу жасап шықты. Бүгін­гі таңда облыстық Ассамблея 26 этно-мәдени бірлестіктің жұмысын үйлестіріп, сонымен қатар ғылыми-сараптамалық топ, Аналар кеңесі, Қоғамдық келі­­сім кеңесі, «Мәміле» клубы, Журналистер клубы, волон­тер­­лік қозғалыс, «Айбын» әске­ри-патриоттық клубы және т.б. құрамдас бөліктердің басын біріктіріп отыр. Биылғы жасал­ған үлкен шаралардың қата­рында астана күніне арналған қазақ мәдениетінің күндерін, «Покровский перезвон» славян әндері мен татар-башқұрт ән­дерінің фестивальдарын және т.б. атауға болады. Ресейдің көр­шілес облыстарымен шекаралық мәдени байланыстарды өркен­дету мақсатында Түмен облысы қазақ­тарының құрылтайына, Қор­ған облысының ақпараттық-гуманитарлық акциясына және т.б. қатысқан. Мемлекеттік тіл­ді насихаттау мақсатында «Мың бала» жобасы жыл сайын өт­кізі­ліп тұрады. 2019 жылы ол ше­шен­­дік сөздерді танытуды көздеп «Асыл сөз мектебі» бағытымен жүргізілген. Жас балалар арасында тілді насихаттау үшін «Сен де бір кірпіш дүниеге...» атты шы­ғар­машылық байқау өткізілген. Жалпы айтқанда, бір жылда 18 278 адамды қамтыған мыңнан артық шара жасалған. Сонымен қатар Достық үйінде қазақ ұлты­нан басқа этностар арасында «Туған жерім – Қазақстаным» атты шығармашылық байқау өткізілген.

Сонымен қатар Р.Әлішев өзі­нің сөзінде жастардың қызығу­шылы­ғын тудыратын ұлттық кос­тюм­дердің «ЭтноFashion» бай­­қауы, «Мисс Ассамблея» жа­ры­сы, стартап-жобалар байқау­лары т.б. өткізілгенін атап өтті. «Өз еліңді тану» атты рес­пуб­ли­калық айрықша жобаның шең­берінде жастардың экспеди­ция­сы ұйымдастырылған. Елі­міздің 10 аймағынан келген жас­тардың экспедициялары Сол­түс­тік Қазақстанның киелі жер­лерін тамашалаған. Соның ішінде Айыртау ауданындағы Ботай мекені, Ш.Уәлихановтың әжесі Айғанымның Сырымбеттегі үйі, Қарасай мен Ағынтай батыр­лардың мемориалдық кешен­деріне саяхаттар жасалған.

Үстіміздегі жылы республи­калық «Жаңғырған ауыл» жо­ба­­сының шеңберінде іске асы­рылған жаңа жобаның бірі – «Ауыл әкімі болғым келеді» деп аталған. Оған өңірдің 70 жа­­сы қатысып, ауылды жаң­ғыр­­ту бойынша өздерінің жоба­ларын байқауға ұсынған. 27 қа­ра­шада Достық үйінде оның қорытындысы шығарылып, марапаттау шаралары болған.

Осыдан әрі Руслан Әлішев Қазақ­стан халқы Ассамблея­сы­ның Төрағасы Н.Назарбаевтың аты­нан Қазақстан Республика­сының тәуелсіздігі мен бір­лігін нығайтуға, мәдениетара­лық диалог пен қа­йы­рымды­лық­ты дамытуға және қазақ­стан­дық патриотизмді қа­лып­тас­тыруға қосқан елеулі үле­сі үшін «Қазақстан халқы Ас­сам­б­­­леясының «Бiрлiк» алтын ме­далiмен» «Әзербайжан мәде­ниеті­нің Солтүстік Қазақ­стан облыс­тық орталығының» төрағасы Чин­гис Курбановты марапаттады.

Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының қабылдан­ғанына отыз жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің Алғыс хатымен Халық­аралық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Ж.Тәжин, «Қызылжар» қосымша білім беру және қызмет көрсету орталығының директоры Ж.Мұхамеджанов және «Рух.Тіл.Жаңғыру» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Тоқпанов марапатталды.

Ал Қазақстан халқы Ассам­б­леясының «Жомарт жан» төс­бел­гісін «Вайнах» шешен-ингуш қауымдастығының төрағасы Сайип Байдуовтың, еврей этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Эльхан Евдаевтың төсіне қадады. Ал Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық пат­риотизмді нығайтуға қосқан лайықты үлесі үшін Құрмет грамотасымен «Барбанг» күрд­тер қауым­дастығы облыс­тық фи­лиалы­ның төрағасы Рашид Надиров наградталды. Ас­сам­­б­­­леяның Алғыс хатымен «Кентрон» армян мәдениетінің об­­­­лыс­­тық орталығы төрағасының орын­басары Светлана Малхасян марапатталды.

Осыдан әрі Ассамблеяның бел­­сен­ділеріне облыстық Ас­сам­б­леяның Алғыс хаттары мен сыйлықтары тапсырыл­ды. Нұрсұлтан Назар­баевтың Қо­ғам­дық келісім мен жалпы­ұлт­­­тық бірлігінің қазақ­стандық мо­деліне арналған ғы­лы­ми жобалар байқауының жеңім­паздары да дипломдармен марапатталды. Бұл байқауда бірінші орынды Л.Жолмұқанова, екінші орынды М.Титаренко және үшінші орынды Қ.Бейсенова алғаны белгілі болды. Ал журналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауының жеңімпазы болып Наталья Аитова танылды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы