31 Шілде, 2013

«Отау стройдың» ойға алған оңды істері

417 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Президент тапсырмасы қалай орындалуда?

«Әлеуметтік жауап­кер­шілік тұрғысынан мемлекет негізінен өз жолынан өтті, тұтастай алғанда өзінің осы функциясын тиімді орындады. Енді – кезек бизнестікі».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті.

CAM02316-1

«ОТАУ СТРОЙДЫҢ» ОЙҒА АЛҒАН ОҢДЫ ІСТЕРІ

Бизнес және қайырымдылық. Бұл екі сөздің арасында қандай байланыс бар екені бәріне түсінікті ғой деймін. Бизнес жасап, ісің оңға басты ма, шамаң келсе сауап үшін жоқ-жітікке көмектес, қайырымдылық жаса. Әйтсе де, қайырымдылық жасау да оңай тірлік емес. Қазақта «Қайырымдылықты қара шаңырағыңнан баста» деген аталы сөз бар. Бұл алдымен өзіңді, өзіңнің отбасыңды жарылқа, сосын барып өзгеге көмектес деген сөз.

CAM02318

Жыл сайын осы тақырыпта Астанада үлкен жиын өтеді. Биылғы «Қазақстандағы қайырымдылық: Бизнес және қайырымдылық» атты ІV халықаралық конференция­да «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қайырымдылық істерімен елдің алғысына бөленген кәсіпкер азаматтардың жасаған жақсылықтарын айтып, мерейлерін бір тасытқаны бар. Сол жиынның сахнасында екі адамның суреті ілулі тұрды. Әрине, ол бейнелердің жайдан-жай ілінбегені анық. Бір қызығы, екі азаматтың да жүздері бірден көзіме жылы ұшырады. Бірі – әлемдегі ең бай жандардың бірі болса да қарапайымдылығымен, қайырымды істерімен танымал болған әйгілі Билл Гейтс болатын. Ал, екіншісі – Оңтүстікте ту тіккен, бірақ берекелі тірліктерінің арқасында бүкіл елімізге мәлім болған «Отау строй» құрылыс компаниясының директоры Әлімқұл Молдасейітов еді.

CAM02333Билл Гейтс туралы әңгіме бөлек. Әлем халқы оның әрбір басқан қадамын, әрбір ісін, елге жасаған жомарттығын жақсы біледі. Ал, Әлімқұл Молдасейітов қайдан жүр? Шынын айту керек, алғашында «мына суреттегі адам дәл соның өзі ме, мүмкін қателесіп ілініп кеткен шығар» деген де ойым болған. Бірақ, ғаламторды ақтарып, «Отау строй» туралы көптеген ақпараттарды оқығаннан кейін суреттегі жүзі жылы азаматтың Әлімқұлдың нақ өзі екеніне, сондай-ақ оның осы жиынның төрінде тұруға нағыз лайық кәсіпкер екеніне көзім жетті. Әлімқұлдың есімін алғаш рет жазушы Мархабат Байғұт ағамыздың аузынан естігенмін. Былтыр қаламгер ағамыздың «Жоғалған Жұрнақ» атты шығармасы облыстық драма театрында қойылды. Желтоқсан оқиғасының адамдардың жүрегіне салған зардабын өте нәзік те шебер жеткізе білген осы қойылым соңында сөз алған Мархабат аға «Жұрнақтың» сахна төріне шығуына демеушілік жасаған Әлімқұл Молдасейітовтің еңбегін атап көрсетіп, алғысын білдірген-ді. Сол ж