Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 25 шілде. № 604
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 25 шілде. № 604
----------------------------------------
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
25 шілдедегі № 604 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне қару мен жауынгерлік техниканы қолдану қағидалары
1. Осы Қағидалар бейбіт уақытта Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне және оның стратегиялық объектiлеріне қатер төнген жағдайларда, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін бұзушы әуе кемелеріне (бұдан әрі – бұзушы әуе кемесі) қару мен жауынгерлік техниканы қолдану тәртібін реттейді.< /p>
2. Бұзушы әуе кемелеріне «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 27-бабының 1-тармағында және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 1-тармағында көзделген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзатын ұшақтар мен тікұшақтар, оның ішінде қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын және басқарылмайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары (құралдары), зымырандар, аэростаттар, әуе шарлары, зондылар және басқа да ұшу аппараттары жатады.
3. Қару мен жауынгерлік техниканы қолдануды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің кезекші күштері мен құралдары, ал қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері басқа да түрлерінің күштері мен құралдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету кезінде өздеріне қолжетімді аймақтағы ұшқышсыз ұшу аппараттарына немесе қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын және басқарылмайтын өзге де әуе кемелеріне, экипажсыз және жолаушыларсыз ұшу аппараттарына (құралдарына) қару мен жауынгерлік техниканы қолданады.
4. Бұзушы әуе кемесін зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы қолдану туралы шешімді Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы немесе Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі уәкілеттік берген лауазымды адамдар қабылдайды.
Шекара кеңістігінде келісілмеген ұшуларды жүзеге асыратын ұшқышсыз ұшу аппараттарына немесе қашықтықтан (автоматты түрде) басқарылатын экипажсыз және жолаушыларсыз өзге де ұшу құралдарына қатысты оларды зақымдауға қару мен жауынгерлік техниканы қолдану туралы шешімді шекара кеңістігінде немесе Қазақстан Республикасының аумақтық теңізінің аймағындағы теңіз учаскесінде шекара заставасының бастығы немесе оның орнында уақытша болатын адам (бөлімше, бекет бастығы, әскери немесе шекара кораблінің (катерінің) командирі, ұшақ немесе тікұшақ командирі, шекара нарядының жетекшісі, застава сақшысы, шекара заставасы, комендатура бойынша кезекші) қабылдайды және ол туралы жоғары тұрған басқару пунктіне дереу баяндайды.
5. Бұзушы әуе кемесі осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген іс-әрекеттерді жасаған кезде әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуды тоқтату үшін әуе кемелеріне тосқауыл жасайтын экипаждар зақымдауға қару қолданар алдында бұл туралы белгіленген сигналдар беру арқылы бұзушы әуе кемесінің экипажына ескертеді. Бұзушы әуе кемесі әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуды тоқтату туралы қойылған талаптарға бағынудан бас тартқаннан кейін ескерту мақсатында оқ атылады.
Ескерту мақсатында оқ ату туралы шешімді: Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Орталық командалық пунктіне дереу баяндай отырып Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас штабының бастығы), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас командалық пунктінің жедел кезекшісі қабылдайды.
Бұдан әрі бағынбаған жағдайда бұзушы әуе кемесіне қатысты зақымдауға қару мен жауынгерлік техника қолданылады.
6. Бұзушы әуе кемесінде әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуға қатысы жоқ жолаушылар мен өзге де адамдардың болуы туралы нақты ақпарат болған кезде, егер осы бұзушы әуе кемесінің одан әрі ұшуы Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне, оның аумағындағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне және стратегиялық объектiлеріне қатер төндірмесе, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қаруды қолданудан тартынады.
Бұзушы әуе кемесі әуе қозғалысын б