«Мемлекет басшысы еріктілер жылы деп жариялаған жаңа 2020 жыл қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, Нұр-Сұлтан қаласында балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге 200 мыңнан астам теңгеге азық-түлік пен балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Айта кету керек, қайырымдылық акциясы бір аптаға созылды.
Бұл іс-шара балаларды қорғау күні, білім күні және жаңа жыл мерекесі қарсаңында жүйелі түрде өткізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоға қарасты ұйымдар қайырымдылық шараларын әріқарай жалғастыра береді» делінген хабарламада.