31 Шілде, 2013

24 сағат

286 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Полицей формасын­ киген бірнеше ондаған тәліп­тер сейсенбіге қараған түні Пәкстанның солтүстік баты­сын­дағы Дера-Исмаил-Хан қаласындағы түрмеге шабуыл жасады. Соның салдарынан жүздеген тұтқын қашып кеткен. Бұл түрмедегі бес мың тұтқынның ішінде ондаған тәліптер мен тыйым салынған радикалды топтардың содырлары бар.

Американың бір­қа­тар штаттарында фас­т­фуд индус­триясы қыз­меткерлерінің ереуілі бо­лып өтті. BurgerKing, McDonalds және Wendys жедел тамақтану рес­торан­дарының наразы­лық біл­дірген қызметкерлері өз отбасыларымен бірге көше­лерге шығып, компания басшылығынан жұмыс сағатына төленетін ақыны 7,5-тен 15 долларға дейін өсіруді талап етті.

Швейцарияның Гранж-пре-Марнан қаласы маңында соқтығысқан пойыздардың бірінің машинисі қираған локомотивтің ішінен өлі күйінде табылған. Оның қаза тапқаны мүрдені ашу процедурасынан кейін ресми расталмақ. Екінші машинист апаттан жарақат алғанымен, тірі қалған көрінеді.

Ирактың астанасы Бағдад ­пен Басра қаласында бірнеше дүр­кін жарылыстар орын алған. Алдын-ала ха­барланған мәліметтер бо­­йынша, жарылыс сал­да­ры­нан 48 адам қаза тауып, 220 адамның түрлі дене жарақаттарын ал­ға­ны бел­гілі болып отыр. Тек Бағ­дадтың өзінде ғана мина қо­йылған 11 автомобиль жа­рыл­ған, олардың бе­сеуі мұсылман-шииттер тұратын аудандарда орын алған.

Тунис үкіметі елде жал­ғасып жатқан саяси дағ­да­рыстың одан бетер шиеленісе түсуіне қарамастан отставкаға кетуге ниетті емес. Орын алған тәртіпсіздіктерге байланысты елдің премьер-министрі Али Лараед ұлттық теледидар арқылы сөз сөйлеп, біз билікке жармасып отырған жоқпыз, бірақ біздің алдымызда міндеттер тұр, ал, біз олардың атқарылуы үшін жауаптымыз, деп атап көрсеткен.

Алдын ала бағалаулар бо­йын­ша, Канн қаласында­ғы Carl­ton қонақ үйіндегі көрмеден ұр­лан­ған брил­лиант­тардың құны 103 мил­лион еуроны құрайды. Бұл тек осы өңір тарихындағы ғана емес, сонымен бірге бү­кіл әлем бойынша көлемі жағы­нан ең үлкен ұрлық бо­лып отыр. Күзетшіні та­паншамен қор­қы­тқан то­наушы асыл тастар тол­ған­ чемоданын алып, қонақ үй­­ден жайбарақат шығып кеткен көрінеді.

Грузияның мәдениет минис­трі Иосиф Сталиннің ескерткішін оның туған қаласы Гориге қайтару жө­нінде шешім қабылдады. Ведомство осылайша кеңестік көсем ескерткішін қайта қалпына келтіру туралы қалалық жиналыстың ұсынысын қанағаттандырды. Ескерткіш Сталиннің туған күніне орай 21 желтоқсанда қалпына келтірілетін болады.

Мәскеу базарларында дүй­­­сен­бі күні басталған по­ли­цей­лердің профи­лак­тикалық операциясы ба­ры­сында қа­зір­дің өзінде 470-тен астам адам қамауға алын­ған.

Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде әзірленді.