Экономика • 01 Қаңтар, 2020

30 миллиард теңгеден аса салық қарызы төленді

206 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Салық рақымшылығы арқылы қазақстан­дықтар 32 млрд теңгеге жуық салық қары­зын төлеп, 9 млрд теңге өсімпұл есептен шыға­рылды. Рақымшылық шағын және орта бизнеске бағытталғандықтан салық төлеушілердің денін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер құрап отыр. Олардың жалпы саны – 44 182.

30 миллиард  теңгеден аса салық қарызы төленді

Төленген берешектің сомасы 17,1 млрд теңге, ал есептен шығарылған өсімақылар мен айыппұлдар – 6,2 млрд теңге. Негізгі борышты бюджетке төлеу кезінде 2019 жылдың басынан бастап 14, 584 млрд теңге мөлшерінде негізгі борыш сомасы төленді.

Мемлекет басшысының салық рақымшылығы туралы тапсырмасы кәсіпкерлікке көрсетілген мемлекеттік қолдаудың бірі, бұл бизнеске жұмысты таза парақтан бастауға мүмкіндік беріп отыр.

Салық рақымшылығы қорытындысына келсек, жалпы республика бойынша кәсіпкерлік субъек­тілерінің арасында барлығы 41 183 салық төлеуші 8,3 млрд теңге берешегін өтеді. Бұл ретте есеп­тен шығарылған өсімақылар мен айыппұлдар сома­сы 2,9 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар тамыз айынан бастап рақымшылық жасау салық заңна­масындағы құқық бұзушылықтардың алдын алды.

Осылайша, салық рақымшылығы арқылы 2 999 салық төлеуші 8,8 млрд теңге көлеміндегі бере­шекті өтеп, мүмкіндіктерін пайдаланды. Олардың 3,4 млрд теңге өсімпұлы мен айыппұлы кешірілді.

Жоғарыда атап өткеніміздей, рақымшылық науқаны аясында шағын және орта бизнесті кәсіп ет­кен 44 182 адам 17, 1 млрд теңге берешек төлеп, 6,2 млрд теңге өсімақы мен айыппұл есептен шыға­рылды.

Аймақтарға бөліп қарастырар болсақ, салық ра­қым­шылығын белсенді пайдаланған кәсіпкер­лердің тізімі келесідей 6 513 шағын және орта биз­нес субъектісі Алматы қаласына тиесілі. 5 196 салық төлеуші бар Түркістан облысы екінші орында тұр. Сәл қалыс қалған Алматы об­лысы (5 054 салық төлеуші) үштікті түйіндеді. Ел­ордада рақым­шылықтың игілігін пайдалан­ғандардың саны – 3 729 адам. Сондай-ақ өсімақылар мен айып­пұлдардың ең көп сомасы Алматыда тіркелген, бұл шамамен 1,1 млрд теңге. Бұдан кейін Ақтөбе облысы, Нұр-Сұлтан қаласы және Қостанай облысы жайғасқан.

Мемлекеттік кірістер комитетінің бастамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Шымкент және Атырау қалаларында салық төлеушілерге семинарлар өткізіліп, салаға қатысты проблемалар мен ұсыныстар айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар-жоғын келесі сілтеме бойынша біле алады: http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web.

Жоғарыдағы статистикадан аңғарғанымыздай, рақымшылықтың игілігін көрген ел азаматтарының саны аз емес. Оны еліміздің іскер ортасы да құп көріп отыр. Ең бастысы, бұл жұмыс осымен тәмамдалып қалмаса игі.