Аймақтар • 02 Қаңтар, 2020

Шымкент қаласының полиция қызметіне 109 жаңа автокөлік тапсырылды

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов жаңа жыл мерекесі қарсаңында қалалық полиция департаментінің қызметкерлеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. Осылайша тәртіп сақшыларының көлік паркі отандық өндірісте құрастырылған 109 жаңа автомобильмен толықты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шымкент қаласының полиция қызметіне 109 жаңа автокөлік тапсырылды

Аталған қызметтік көліктер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ішкі істер қызметі жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмасы бойынша беріліп отыр.

Полиция қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған қала басшысы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту полицейлердің жұмысын тиімдірек ететінін атап өтті.

Сонымен қатар Ерлан Қуанышұлы полиция қызметкерлеріне мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді баса айтты.

Барлық автокөліктер заманауи арнайы техникамен, бейнетіркеуіштермен және навигациялық жүйемен жабдықталған. Бұл нақты уақыт режимінде ұстау топтарының жұмысын үйлестіруге және инспекторлардың оқиға орнына немесе күзетілетін объектіге келу уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.