Руханият • 03 Қаңтар, 2020

«Тұғыры биік Тәуелсіздік»: бүгін Ұлттық арнадан айтыс көрсетіледі

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Тұғыры биік Тәуелсіздік!» тақырыбымен Орал қаласында өткен VIII «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы бүгін эфирге шығады. Бұл туралы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тұғыры биік Тәуелсіздік»: бүгін Ұлттық арнадан айтыс көрсетіледі

Жыр додасын «Qazaqstan» арнасы көрсетеді. «Аламан айтысқа Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Жансая Мусина, Дидар Қамиев, Әсем Ережеқызы, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Өміржан Көпбосынұлы, Аруна Керімбек, Жандарбек Бұлғақов, Бекзат Асқаров, Талғат Мықи, Серік Құсанбаев, Шұғайып Сезімхан, Жұлдызай Маратбекова, Біржан Байтуов, Қанат Мырзахан, Бауыржан Ширмединұлы сынды елімізге танымал 20 ақын қатысып, бақ сынады» делінген баспасөз хабарламасында.

Көрермен ұлттық арна эфирінен 3-4 қаңтар күндері сағат 15:00-де 1-2 айналымды және 5 қаңтар күні сағат 14:00-де финалдық бәсекені тамашалай алады.

Соңғы жаңалықтар