Тамсандырған тау. Уылжыған уыз дүние. Сақи сыйға қағанағы қарқ адамдар... Оралхан Бөкейдің тілімен айтқанда: «Алтайдың атқа мініп тұрған кезі». «Жақсыны көрмекке». Асық көңілдің Алтай асқарын беташары болып жатқан жас келіндей тамашалауы тегін емес. Табанымыз тұңғыш тиген еді. Тамылжыған табиғат тартуына тәу еткен тумалары Орағаңның (О.Бөкей), Қал-ағаңның (Қ.Ысқақ), Әлағаңның (Ә.Асқаров), Дидағаңның (Д.Әшімхан), Асағаңның (А.Алтай) шығармаларын жастана оқыған, көркем әдебиет арқылы Алтаймен анда болған албырт шағымыз еске түсіп келеді. Миығымыздан күлеміз. Жарқ етіп жақпарлардан, шатқалдардан, шың басынан, қалың қарағайдан таныс та бейтаныс кейіпкерлер шыға келетін сияқты... Дүрия орманды дүр сілкінтіп, «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Қаршыға қыл арқанды құрығын безеп, шаңырақ мүйіз бұғыны қуып бара жатқан секілді. Әлде қарағайға қайыстыра байлап, арбиған аша мүйізді аралап жатыр ма екен?..
Өр Алтайдың өз әлемі бар

– Жетіп қалдық, – деді бізді Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарыннан ертіп шыққан Белқарағай ауылының әкімі. «Көрмегенге көсеу таң». Гүлсәрі орта иектеп келе жатқан ойымызды жиып алдық. Алтай алқымына енгеніміз әлгінде еді, ұзамай тоқтағанымызға нәумез болып қалдық.
Кешқұрым ауыл ағасы Дәурен Қалибеков бізді «Нұрбұлақ» шипажайына алып келді.
– Іздегеніңді осы арадан табасың, – деді.
Марал шаруашылықтары
Іздегеніміз – мүйіз моншасы еді. «Нұрбұлақты» түу қиырдан бетке алатындар осы моншаға келеді. Күндіз ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Рақымғали Байғараевпен әңгімелескенбіз. Маралымен мәлім мекеннің мән-жайын түсініп қалғандаймыз.
Жуырда журналистер Ауыл шаруашылығы министрінен: «Маралшыларға республикалық бюджеттен қолдау бола ма?» деп сұраған. «Біз Қазақстанның халқын марал етімен тойғыза алмаймыз», деп жауап қатқан болатын министр. Оның да бір жөні бар шығар...
Бүгінде Катонқарағай ауданында 6 мыңға жуық марал өсіріледі. Облыс бюджетінен марал шаруашылығына субсидия бөліне бастағанына төрт жыл болыпты. Жыл сайын катонқарағайлықтар маралға 29-32 млн. теңге аралығында субсидия алып келеді. Нәтижесінде, өңірде марал басының төмен құлдырауы тоқтады. Кеңес өкіметі кезінде Катонда 20 мыңнан астам марал өсірілетін. Марал басы кемуінің себебі бар: жануарды етке сойма