Хоккей • 06 Қаңтар, 2020

Немістерден айласын асырды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Чехияда өтіп жатқан жастар арасын­дағы әлем чемпионатында Қазақстан құ­ра­масы алғашқы жеңісіне қол жет­кіз­ді. Германиямен өткен ойында отан­дастарымыз 4:1 есебімен басым түсті.

Немістерден айласын асырды

Ойынды қазақстандықтар сәтті бас­тады. Матчтың 5-минутында Станислав Алек­сандров мергендігімен көзге түскен. Әйтсе де, бірінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Екін­ші таймда Олег Бойко есепті 2:0-ге жеткізді.

Үшінші кезеңде жастар құрамасы Германия қақпасына тағы екі шайба соқты. С.Александров  42-минутта дубль жасаса, 57-минутта Денис Чапоров қарсылас қақпашысынан айласын асырды. Алайда, ойын соңында Луис Шинко таблодағы есепті қысқарта алды. Осылайша, жастар құрамасы алғашқы жеңісін тойлады.

Айта кету керек, бұл – Қазақстан мен Германия жастар құрамаларының жұбаныш кездесуі аясында өткізіп отырған екінші матч. Бірінші ойында немістер  4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ережеге сәйкес, жеңілген команда жастардың элиталық дивизионымен қоштасады. Ал екі рет жеңіске жеткен команда өз орнын сақтап қалады.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20