Аймақтар • 06 Қаңтар, 2020

Балқашта «Инватакси» тегін қызмет көрсетеді

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш қаласында «Халық банкі» мен «Халық» жеке қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі жандарға «Инватакси» мамандандырылған автомобилін сыйға тартты. Бұл көлік жергілікті мүгедектерге тегін қызмет көрсететін болады.

Балқашта «Инватакси» тегін қызмет көрсетеді

Қазіргі таңда Балқаш қаласында мүмкіндігі шектеулі 3860 адам тұрады. Олардың 100-ден астамы арнайы автокөлік арқылы тасымалдау қызметіне зәру.

–Тасымалдау бойынша қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 2019 жылы бұл мақсатқа 3 млн 600 мың теңге бөлінді. 2020 жылы қаржыландыру көлемі 35%-ке артты, дейді Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков.

Еске салсақ, «Халық» қайырымдылық қоры «Халық банкімен» бірге 2018 жылдан бастап елімізде «Инватакси» жобасын жүзеге асырумен жүйелі түрде айналысып келеді. Алғашқы жылы Қазақстанның ірі қалалары үшін 21 мамандандырылған автокөлік сатып алынса, өткен жылы шағын және моноқалалардағы мүгедек жандарға 15 инватакси сыйға тартылды.