Наганода өткен қысқы Олимпия ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Қысқы Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, конькиші Людмила ПРОКАШЕВА:
«СПОРТТЫҢ ТІЛІ ДЕ, ЖҮРЕГІ ДЕ ЕЛ НАМЫСЫ ДЕП СОҒАДЫ...»
– Людмила Вячеславовна, аты әлемге белгілі спортшылардың бірісіз. Бүгінгі күнгі тыныс-тіршілігіңіз қандай? Біз сізді спорт алаңынан жоғалтып алған жоқпыз ба?..
– Жоқ, қайта керісінше, спорттағы екінші бір өмірім басталғандай. Қазір мен облыс орталығындағы «Батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушымын. Ал, осыдан үш жыл бұрын осы мектептің директоры қызметіне тағайындалдым. Мұз айдынының бетінде сырғанап, спорттағы жолымды жалғастыруға әлі де мүмкіндік бар еді. Дегенмен де, бәріміз де уақытқа бағынамыз. Солай ғой. Жаттықтырушым да мені қолдады. Қырық жастан асқан соң адамның бәрі қайта жасаратындай көрінеді маған. Спорт – жастық, спорт – денсаулық дейміз ғой. Сондықтан жаттықтырушы ретінде қысқы спорт түрлеріне жақын конькиші болғысы келетін жасөспірімдерді жаттықтырып, тәрбиелеу, үйрету әрине мен үшін бақыт, екінші өмір деген сөз. Балалардың бәрі де таңдаумен, өзімнің іздеуіммен келді. Бастысы мұз айдынында батылдықты, еркіндікті сезіне алатындай болулары керек. Мақсат – болашақта халықаралық жарыстарда ел намысын қорғай алатын конькишілер дайындау. Қазір спортпен айналысамын деген жастарға бәрі де бар, тіпті конькидің түр-түрі толып тұр...

– Өзіңіздің балалық шағыңыз өткен 80-ші жылдарды қалай еске алар едіңіз?
– Коньки дегеннен шығады ғой, әлі есімде, ата-анам маған Чехословакиядан пошта арқылы тапсырыс беріп коньки алдырды. Жалт-жұлт еткен конькиді аяғыма киіп алып, үйдің ішінде де шешпей, қатты қызықтағанымды білемін. Тіпті, осы күннен менің үлкен спортқа деген жолым басталды деуге болады. Павлодар қаласындағы №4 орта мектепте оқыдым. Біздің Борис Андриенко деген денешынықтыру пәнінен мұғаліміміз бар еді. Ол кісі мектепте коньки тебу спортына жаттығатын оқушыларды жинады. Оның ішінде мен де бармын. Спорттағы тағды